Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

СКО-да дауылды ескерту жарияланды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 17:33

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК облыстық филиалына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 4 нарыз - дүйсенбі күні облыста қар жауады. Аймақтың кейбір жерлерінде боран, көктайғақ пен тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, арасында 23-28 метрге дейін барады. Күндіз желдің жылдамдығы - секундына 12-20 метр.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер наурыз айындағы ауа-райы жайында айтқан болатын. 5-7 наурыз күндері ауа-райы түнде минус 16 градусқа дейін түседі. Ал күндіз минус 3-ке дейін көтеріледі. 10 наурыздан кейін күн ауа температурасы түседі. Түнде - минус 12-20, күндіз - минус 5-10 градус. Артынан күн жылиды. Қар да көп жауады. Көктайғақ пен тұман жиі болады.

Жоғары қарай