Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да биыл  өрттен 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақаттанды

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 21:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 27 өрт тіркеліп, екі адам қаза тапты, зардап шеккен бес адамның біреуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тек өткен аптада өңірде 12 өрт тіркелген. Мәселен Айыртау ауданындағы Янко стансасында жер үй пешінің мұржасын ерте жабудан екі адамға иіс тиді. Үйді жалға алып келген 24 жастағы екі тұрғын Новоишимское аудандық ауруханасына жеткізілді. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр.

Ал Тайынша ауданы Многоцветное елді мекеніндегі жеке тұрғын үйде 23 қаңтар күні өрт шыққан. Салдарынан кіреберіс бөлме тұтас жанып кетті. Ғимараттың шатыры жартылай құлап, қабырғалары зақымданды. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 48 жастағы ер адамның денесін тапты. Өрттің шығуына пеш себеп болған.

«Жыл басталғалы өңірде 27 өрт тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен алыстырғанда шамамен екі есе аз. Өрттен екі адам қаза тауып, 5 адам жарақаттанды. Араларында бір бала бар. Көп жағдайда өрт жеке секторда тіркеледі. Оған пешті дұрыс пайдаланбау, электр қондырғыларын қолдануда қарапайым сақтық ережелерін сақтамау себеп», - дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.


Жоғары қарай