Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да биыл діни әдебиет сатқан 11 адам айыппұл төледі

2020 жылдың 19 қазан 2020 21:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желіге діни мазмұндағы бейне-аудиожазбаларды орналастырып, таратқаны үшін және діни әдебиетті сатқаны үшін 11 адам әлеуметтік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының тұрғынына діни әдебиетті сатқаны үшін 130 мыңнан астам айыппұл төлеуге тура келеді. Петропавл қаласының Мамандандырылған соты оған айыппұл түріндегі жаза кесті. Діни әдебиетті тиісті рұқсатсыз таратқан оны СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни сипаттағы аудио-бейне материалдарды орналастырған тағы бір қала тұрғыны да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Діни сипаттағы әдебиетті жергілікті атқарушы органдардан рұқсаты бар сауда орындары ға сата алады. Басқа жағдайда діни қызмет туралы ҚР заңнамасын бұзу болып табылады», - дейді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмаз Шитқанов.

Биыл өңірде заңды бұзған 11 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жоғары қарай