Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да биыл барлық түлектің 72 пайызы ҰБТ тапсырады

2021 жылдың 7 мамыр 2021 05:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 6 мамырдан 30 маусымға дейін 2456 адам Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпек. Бұл биылғы мектеп түлектерінің 72 %-ы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімованың айтуынша, биыл ҰБТ-ның үшінші кезеңі 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Түлектерге сынақтан өтуге екі мүмкіндік беріледі, ең жоғары нәтижемен олар гранттар байқауына қатыса алады. Бұдан басқа түлектер ҰБТ тапсыру уақыты мен орнын өздері таңдай алады.

«ҰБТ-ның 3 кезеңіне қатысуға өтініш 15-30 сәуір аралығында жүргізілді. 11-сынып оқушыларының 2456-сы қатысуға ниет білдірді. Бұл - барлық түлектің 72 %-ы. Жалпы биыл 3409 оқушы мектепті бітіреді. Тестілеу үш орында: Петропавлда, Новоишимка елді мекенінде және Тайынша қаласында жүргізіліп жатыр», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Бүгін ҰБТ-ның алғашқы күні 266 түлек сынақтан өтті. Олардың 160-ы түске дейін тапсырды.

«Бір күнде екі рет, түске дейін және түстен кейін тапсыруға болады. Тестілеуден кейін 5 минут өткесін электрондық форматта апеляцияға беруге мүмкіндік бар. Оған 30 минут берілге. Апеляцияны Республикалық апеляциялық комиссия жүргізеді

ҰБТ-дағы пәндер саны өзгеріссіз қалды. Оның үшеуі міндетті, екеуі – салалық. 120 тапсырманы орындауға 4 сағат уақыт беріледі. Максималды 140 балл алуға болады», - дейді басқарма жетекшісі.

Гүлмира Кәрімованың айтуынша, ҰБТ-ға қатысушы тест тапсыруға өзімен бірге рұқсат етілмеген заттарды – телефонды, шпаргалканы кіргізген жағдайда оның нәтижесі жойылады. Олар екінші рет сынақтан өте алмайды. Ал ҰБТ тапсыруда екінші мүмкіндікті пайдалану кезінде тәртіпті бұзған жағдайда ол балғашқы нәтижесімен гранттар байқауына қатыса алмайды.


Жоғары қарай