Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да биыл 54 әлеуметтік нысан жөндеуден өтпек

2022 жылдың 25 мамыр 2022 18:52

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 54 жоба жүзеге асырылып, оған 13 млрд жуық теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының орындалу барысы жайында айтылды. Биылғы жоспар бойынша 43 ауылда 54 нысанды жөндеу көзделіп отыр.

«21 мектеп, 3 спорт залы, 3 денсаулық сақтау, 8 мәдениет, 8 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 11 көліктік-инфрақұрылымдық нысан жөнге келтіріледі. Бұл мақсатқа 6,3 млрд теңге бөлінеді. Оның 5,5 млрд теңгесі республикалық бюджеттен болса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен», - дейді СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов.

Қазіргі уақытта өңірде бағдарламаның 17 арнайы жобасы іске асырылып жатыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында былтыр 50 елді мекенде 78 іс-шара қолға алынған. Бұл ауылдардың әлеуметтік нысандарын, көліктік инфрақұрылымын жөндеуге 10,6 млрд теңге бөлініп, соның шамамен 90%-ы игерілді. 78 жобаның алтауы биыл аяқталуы тиіс.

Ал, «Туған жер» жобасы аясында былтыр елді мекендерде 11 әлеуметтік маңызы бар нысан салынса, 91-і күрделі жөнделді.

Айта кетсек, бұған дейін «Ауыл – ел бесігі» жобасы 3,5 мың ауылды қамтығаны хабарланған.


Жоғары қарай