Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да биыл 39 млрд теңгеге автомобиль жолдары жөнделіп жатыр

2020 жылдың 14 тамыз 2020 01:39

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 39,1 млрд теңгеге 1 мың шақырымнан астам автожол мен елді мекендердің көшелері жөнге келтірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Баяхмет брифинг өткізіп, өңірде осы сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берді.

СҚО-да 9 мың шақырымнан астам автожол бар. Ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан кейін үшінші орында. Жолдардың 65 % қазіргі таңда жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.

«Былтыр республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуге 30 млрд теңге бөлінді. 676 шақырым жол қалыпқа келтірілді. Жолдардың кей бөлігі күрделі жөнделсе, енді біріне орташа және ағымдағы жұмыстар жүргізілді. Биыл осы мақсатқа 39,1 млрд теңге бөлініп отыр. Оған 1 мың шақырымнан астам автожол мен елді мекендердің көшелері жөнделмек. Соның ішінде «Ауыл - ел бесігі» және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламалары бойынша 8,5 млрд теңгеге 355 шақырым ауылішілік жолдар жөнге келтірілмек», - дейді Мақсат Баяхмет.

Ауқымды жұмыстар М.Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов және Қызылжар мен Тимирязев аудандарын қамтымақ.

«Жұмыстар сапалы атқарылып, нысандар мерзімінде тапсырылуы үшін авторлық және техникалық қадағалаумен қатар6 мүдделі ұйымдар заң аясында атқарылған жұмыстарды үнемі бақылап отырады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орынға шығып, тексерулер ұйымдастырылады. Ол жұмыстар актілермен бекітілген. Басқарма «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК жолды күтіп ұстау және жөндеу сапасын қадағалауды жүйелендіру мақсатында келісім жасады», - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

СҚО-да автомобиль жолдарын жөнге келтіру жұмыстары 30 қазанға дейін аяқталуы қажет. Бүгінге дейін 53 пайызы атқарылды.


Жоғары қарай