Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бір жылдың ішінде тұрғындар саны 6 мың адамға азайған

2021 жылдың 20 қазан 2021 09:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны бір жылдың ішінде 6 мың адамға азайып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО экономика басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 540 мың адам бар. Былтыр осы кезеңде тұрғындар саны 546 мың болған.

Халық санының кемуіне көші-қонның азаюы негізгі себеп болған. Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірден 3 008 адам кеткен. Былтырғы көрсеткіш – 2 413 адам.

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында облысқа келгендердің де кеткендең де саны азайған. Мәселен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, келгендердің саны 9,6 %-ға, ал кеткендердің саны 3,1 %-ға қысқарды.


Жоғары қарай