Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бір ауыл құс тұмауына байланысты карантинге жабылды

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 13:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты М.Жұмабаев аудынындағы Лебяжье елді мекені карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданы Лебяжье елді мекенінде 1003 үй құсы қырылды. Бұл - жеті үйдің құсы. Негізінен 2-3 айлық құс - соның ішінде 130 тауық, 291 қаз, 582 үйрек өлген. Мамандар құстардың өлексесін жинап алынып, күйдіру арқылы жойды.

«Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық зерттеу жүргізілді. Өлген құстардан материал алынып, зертханаға жіберілді. 24 қыркүйек күні оның қорытындысы келіп, құс тұмауы екені расталды.

Үй құстарына қауіпті ауру жабайы құстардан жұғуы мүмкін. Өйткені елді мекенде су қоймасы бар, онда аққулар, жабайы үйректер мен басқа да құстар мекендейді», - дейді СҚО ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Қайырлы Қазанов.

Осыған байланысты М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылы карантинге бүгіннен бастап жабылды.


Жоғары қарай