Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да білім беру нысандарының оқу жылына әзірлігі тексерілді

2021 жылдың 23 тамыз 2021 21:47

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында барлық білім беру нысандарына «Ashyq» жобасы енгізілді. Қазіргі уақытта бұл қосымшаға колледждердің жатақханалары, асханалары, буфеттері, оқу-өндірістік шеберханалары қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, колледждердің барлығы жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды. Алайда, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса Бас санитар дәрігердің шешімімен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары аралас немесе қашықтан оқыту форматына көшеді.

«Бүгінде барлық білім беру нысандары «Ashyq» жобасымен жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта бұл қосымша колледждердің жатақханаларына, асханаларына, буфеттеріне, оқу-өндірістік шеберханаларына енгізіледі. Бұл шара қауіп деңгейін анықтау үшін қызметкерлерге күнделікті мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы облыста білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Биыл 52 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге 4 млрд 84 млн теңге, оның ішінде: «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26 білім беру нысанына 3 млрд 108 млн теңге бөлінген. Барлық нысандар ауылдық жерлерде орналасқан. Бұған қосымша облыстық бюджеттен 921 млн теңгеге 20 нысанға, жан басына қаржыландыру есебінен 54 млн теңгеге 6 нысанға жөндеу жүргізілді.

Жалпы СҚО-да 16 мың педагог жұмыс істейді. Биылғы жылы «химия – биология», «физика-информатика», «математика – информатика», «география – тарих» мамандықтары бойынша алғашқы мамандар даярланды.

Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 143 түлегі «ағылшын тілін білетін математика пәнінің мұғалімі», «ағылшын тілін білетін бастауыш сынып мұғалімі», «ағылшын тілін білетін мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандықтары бойынша диплом алды. Бұдан басқа өңірге 43 жас маман келді. Яғни облыста мұғалім жетіспеушілігі мәселесі толық шешілмек.


Жоғары қарай