Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да басқарма басшысы қамауға алынды

2021 жылдың 29 қазан 2021 18:22

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Жарқын Ғалымов осы фактіге қатысты ресми жауап беріп, Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мереке Ағажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Мемлекеттік қызметші айтарлықтай сомада пара алды деп күдіктелген.

«Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті М.Ағажановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жауабында.


Жоғары қарай