Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да автокөлік маралға соғылды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 18:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында автокөлік маралға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 тамыз күні болды. Түнгі сағат 00.10 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолымен келе жатқан «Scoda Superb» автокөлігінің жүргізушісі Бескөл ауылының маңында жолға атып шыққан маралды соққан. Астананың 40 жастағы тұрғыны қауіпсіздік көпшігінің арқасында зардап шеккен жоқ. Көлік айтарлықтай зақымдалып, эвакуациялау үшін арнайы техниканы шақырылған. Түз тағысы сол жерде өлді.

«Мұндай жағдайлар болып тұрады. Сол себепті жүргізушілер қырағылық танытып, жылдамдықты асырмағаны жөн. Әсіресе түнде байқау керек. Аңдар көліктің жарығынан шошиды. Маңында орманы бар жолдардан аса сақтықпен өткен жөн. СҚО-да мәселен, «Челябі-Новосібір» автожолында Тоқшын, Асаново, Полудино елді мекендерінің жанында, «Петропавл-Жезқазған» трассасында Чириковка елді мекенінің маңында қауіп жоғары», - дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының бастығы Ерлан Мәдиев.

СҚО-да биыл түз тағыларына қатысты екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екі жағдайда да автокөліктердің алдына еліктер атып шыққан.


Жоғары қарай