Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да ауыл тұрғыны шолақ мылтық пен оқ-дәріні заңсыз сақтап келген

2021 жылдың 26 тамыз 2021 18:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қаруды заңсыз сақтап келген ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылмақ. Ол ең кемінде 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжар ауданы полиция бөліміне ауылдардың бірінің 44 жастағы тұрғыны заңсыз қару сақтайды деген ақпар келіп түскен. Полицейлер ер адаммен сөйлескенімен, бастапқыда ол кінәсін мойындамаған. Криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік инспектормен бірге ауыл тұрғынының үйін тінтті. Нәтижесінде оның үйінен шамамен «ИЖ» маркалы дара ұңғылы аңшы қаруынан жасалған шолақ мылтық, 12 калибрлі гильза мен калибрі 9 мм Макаров тапаншасының 4 патроны тәркіленді.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару үлгісі мен оқ-дәрі сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Жыл басынан облыста заңсыз айналымнан 75 қару алынды. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік пен қылмыстық жауаптылық барлығын еске саламыз. Адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса қаруды полицияға ерікті түрде тапсырғандар жазаға тартылмайды. Айта кететін болсақ, биылғы жылы солтүстікқазақстандықтар ерікті түрде 26 қарды тапсырды», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Полицейлердің айтуынша, қаруды заңсыз сақтағандарға ең кемінде 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал ең үлкен жаза 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.








Жоғары қарай