Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да Ashyq жобасының жаңа көшбасшылары анықталды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 22:39

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі аптаның қорытындысы бойынша Ashyq жобасының жаңа көшбасшылары анықталды, олардың саны 30-ға жуық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ashyq жобасы бойынша келушілерді ең көп тіркегендердің арасында аудандық кәсіпкерлік нысандары да бар.

«Жобаға қосылғандар саны күннен-күнге артып келеді. Ауылда да сұраныс бар. Алғаш рет бірден 28 жеңімпазды тіркеп отырмыз. Олардың барлығы қосымша жеңілдіктерге ие болады. Яғни, олардың жұмыс уақыты ұзартылады», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер.

Осы жолы Ashyq бойынша үздік нәтиже көрсеткендердің 11-і – қоғамдық тамақтану орны, 8-і – білім беру мекемесі, 3-уі – демалыс нысаны, екеуі – фитнес орталық және бір-бірден монша кешені мен СПА-орталық.

«Қазіргі уақытта QR-код 2355 нысанға берілген, оның 2207-сі жобаның толыққанды мүшесі. 148-і тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр. Бұл жолы ешқайсысын жобадан шығарған жоқпыз. Өйткені, оның артықшылығын кәсіпкерлер түсініп жатыр. Олар қосымшаны қолдану арқылы қаупсіз жағдайда жұмыс істейді», - дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Қанат Шамсутдинов.

Петропавлдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі екі аптаның ішінде 70 мың келушіні тіркеген.






Жоғары қарай