Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да алты ауыл мектебі жабылды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 18:20

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында шағын комплектілі алты ауыл мектебі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындық барысы жайында мәлім етті.

Басқарма басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, өңірде 75 316 оқушы бар. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мыңға көп. Алғаш рет 8 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Оның жартысынан астамы Петропавлдың үлесінде.

Биыл өңірде 472 мектеп жұмыс істемек. Жаңа оқу жылында 6: Ақжар ауданында – 1 мектеп, Аққайың ауданында – 1, Есіл ауданында – 1, Жамбыл ауданында – 2, Қызылжар ауданында – 1 мектеп жабылды. Бұл бастауыш мектептерде небәрі 4 оқушыдан ғана оқыған.

«Облыстағы мектептердің 361-і – 78 %-ы шағын жинақты мектептер. Жаңа оқу жылында 298 елді мекеннен 2 074 баланы тасымалдау жоспарланған, оның ішінде күн сайын 1261 оқушы, апта сайын 813 оқушы тасымалданады. Бұл мақсатқа 124 автокөлік бар, оның 42-сі былтыр, 18-і биыл сатып алынды», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Егер оқушы немесе мұғалім ауыру жұқтырса, сынып қашықтан оқыту форматына көшеді.

«Қашықтан оқытуға көшкен жағдайда оқушыларға компьютер беріледі. Бірінші кезекте компьютерлер табыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға үлестіріледі. Былтыр облысқа 14 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды. Бүгінгі таңда мектептерде 25 мыңнан астам компьютер бар.

Білім ордалары 100 % интернетпен қамтылған. 62 мектеп интернетке спутниктік байланыс арқылы қосылған. Кең жолақты Интернетке 455 мектеп қосылды. Айыртау ауданның мектептерін интернеттің осы түріне қосу үшін жергілікті бюджеттен 15 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жабдықтарды сатып алу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр», - дейді басқарма басшысы.


Жоғары қарай