Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да алаяқтық жасаған 2 полицей сотталды

2021 жылдың 13 қазан 2021 11:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қалалық соты алаяқтық фактісі үшін патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, биыл 21 сәуірде патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жүргізушіге оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған ақпарат беріп, алдау жолымен 150 мың теңге көлемінде ақшасын алған.

Петропавл қалалық соты 12 қазанда тәртіп сақшыларына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Патрульдік полиция батальонының бұрынғы екі инспекторына алған ақшаның 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бұл іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасымен заң бұзушылыққа жол берген сотталушылардың бұрынғы әріптестері онлайн режимде бақылады.

Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің айтуынша, енді сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлық сот процестерін осындай форматта өткізу жоспарланып отыр.

«Агенттік бұл жаңашылдықты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін енгізді. Осылайша, біз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына олардың әріптестерінің мысалында әсер етуді мақсат еттік. Бұл бастама өз жемісін беріп, адамдардың ойы өзгереді деп үміттенеміз» - дейді Дамир Хабибулин.


Жоғары қарай