Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да ақпанда МӘМС-ке 500 млн теңге аударым жасалды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 18:33

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақпан айында 500 млн теңге төлем жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ӘМСҚ» СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, ел бойынша МӘМС-ке 44,7 млрд теңге жарналар мен аударымдар түскен. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 10 млрд теңгеге артық.

Қаңтар айындағыдай ақпанда да жарналардың басым бөлігі, яғни 24,5 млрд теңгесі мемлекет тарапынан түскен.

Еске салайық, МӘМС аясында мемлекет әлеуметтік осал 15 санатқа кіретін азаматтар үшін жарна төлейді.

Жұмыс берушілерден түскен аударымдардың мөлшері 13,5 млрд теңгеге жуық. Ал қалған азаматтардың жарналары 6,7 млрд теңгені құраған.

СҚО бойынша жұмыс берушілер жасаған аударымдардың үлесі қаңтар айында 231 млн теңге болса, ақпанда 198 млн теңгені құрады. Қалған азаматтардың жарналары осы айда 167,6 млн теңгеге жетсе, қаңтарда небәрі 33,4 млн теңге болған екен.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады. Бұл ақша міндетті медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жұмсалады.


Жоғары қарай