Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да 93 ауылдың тұрғындары қоғамдық көлікпен қамтылады

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 14:52

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта 443 елді мекеннің тек 350-і тұрақты түрде автобустар жүреді. Биыл бұл мәселе шешімін таппақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, былтыр ауылдардың ішіндегі 189 км жол жөнделді. Жұмысты жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге қаржы жұмсалды. Нәтижесінде 44 елдімекеннің көше жолдары жөнге келтірілді. Бұдан басқа ауылдарға баратын 813 км 24,4 млрд теңгеге жөнделді. Осылайша облыстық маңызы бар жолдардың 74%-ының қазір жағдайы жақсы. Биыл «Дәуіт-Кішкенекөл», «Волошенка-Сергеевка-Тимирязево», «Сергеевка-Николаева», «Каменнный брод-Ақмола облысына дейінгі жолдарды жөндеу басталмақ.

Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының алқа отырысында өңір басшысы ауылдарды қоғамдық көлікпен қамту мәселесінің биыл шешімін табатынын айтты.

«Жолаушылар тасымалы мәселесін талқыладық. Қазір облыста 93 ауылдың тұрғындары автобус бғыттарымен қамтамасыз етілмеген. Бұл мәселені шешу үшін қосымша 180 млн тг бөлеміз. Атап өтетін жәйт, 2017 жылдан бері қалалық және облыс ішілік маршруттарда жол жүру ақысы көтерілген жоқ», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазіргі уақытта облыста 129 автобус бағыты бар. Оның бесеуі облысаралық, 54-і облысішілік, 30-ы ауданаралық, 9-ы ауылдық және 11-і қала маңында жүрсе, 20-сы Петропавл ішінде жолаушы тасымалдайды. 443 ауылдың 350-іне бүгінде автобустар жүрмейді.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, былтыр әлеуметтік маңызы бар бағыттарға 745 млн теңге субсидия бөлінді. Биыл мұндай бағыттардың сағы 64-ке жетпек.


Жоғары қарай