Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 4 күн ішінде 18 мас жүргізуші анықталды

2021 жылдың 12 сәуір 2021 14:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Операцияның 4 күнінде 18 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полицейлер 9 сәуірге қараған түні шамамен сағат 3.30-да Абай мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында «Lexus 570» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Тізгінде Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны болған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шықпағанымен, оның әрекеттері тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Ер адамға медициналық куәландырудан өту ұсынылды, алайда, ол үзілді-кесілді бас тартқан.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы 4-бөлігі бойынша материал жинастырылды. Баптың аталған бөлігімен алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген. Сот үкімімен қала тұрғынына 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

«Егер куәландыру масаңдық дәрежесін көрсеткен жағдайда, жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылар еді. Жүргізушілерден заңнаманы бұзбауды және билік өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Барлығы 4 күннің ішінде облыс жолдарында 18 мас жүргізуші анықталды. Бұл СҚО-да бастау алған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күндерінің нәтижесі», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталғалы өңірде жолда жүру қағидаларының 2219 түрлі бұзушылығы анықталды, оның ішінде 39 факті – бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту, жаяу жүргіншілерді өткізбеудің 51 жағдайы, 158 жылдамдық режимін бұзу және 61 маневрлеу қағидаларын бұзу.


Жоғары қарай