Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

СҚО-да 300-ден астам жұмысшыға жалақысын бермей келген екі шаруашылық қарызды өтеді

2020 жылдың 5 маусым 2020 20:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында жұмысшыларымен орақ үшін есеп айырыспаған екі шаруашылық құзырлы мекемелердің араласуынан кейін еңбекақы бойынша қарызды жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін СҚО Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылының тұрғындары «Қызылту Астық» ЖШС 2019 жылғы орақта тапқан еңбекақысын ала алмай жүргенін жазған едік.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекақы бойынша қордаланған қарызы бар Уәлиханов ауданындағы «Қызылту НАН» және «Қызылту Астық» ЖШС-тері күзгі орақ бойынша берешектен құтылды.

300-ден астам адам еңбек ететін агрофирма прокуратура органдарының үйлестіруі арқасында және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен аудандық полиция бөлімі жүргізген кешенді іс-шаралар нәтижесінде 62 млн теңге көлемінде жалақы қарызын өтеді.

«Еңбекақыны кешіктіріп төлеу фактілері бірнеше рет қайталанған жағдайда азаматтарға ішкі істер органдарына жұмыс берушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту және тапқан қаражатты қайтару үшін шағымдануға құқылы екенін еске саламыз» делінген баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай