Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО әкімі аппаратының қызметкеріне пара алды деген күдік келтіріліп отыр

2020 жылдың 31 қазан 2020 11:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты пара алу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірінің басшысы міндетін атқарушысы.

Лауазымды тұлға тиісті шарттары бұрын орындалып қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан ақшалай пара алу күдігіне ілінді. Параның сомасы 900 мың теңге шамасында.

Істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне орай әзірге жария етілген жоқ.

Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.


Жоғары қарай