Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

СҚО әкімі Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне пәтер сыйлады

2019 жылдың 2 қазан 2019 18:40

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановты марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандық спортшы, еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпановқа пәтер кілтін табыстады. Балуан 70 келі салмақта күресті.

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегі бұған дейін де әлемдік ареналарда биіктен көріне білді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған спортшының еңбегін облыс әкімі Құмар Ақсақалов жоғары бағалады.




«Әлем чемпионатында екінші орын алу үлкен жетістік. Солтүстікқазақстандықтарды ғана емес, бүкіл Қазақстанды қуанттың. Бұл жеңісің бірінші өзіңе қойған жоғары талабыңның, еңбегіңнің және жаттықтырушыңның арқасы. Біз сенің әлі талай жеңісіңнің куәсі боламыз деп сенемін», - деді өңір басшысы.

Салтанатты жиынға спортшының әріптестері, сала ардагерлері де келді. Еркін күрес шебері мен оның жаттықтырушысы Аян Бейсенбаевқа жылы лебіздерін білдірді.

Нұрқожаның жаттықтырушысы Аян Бейсембаевқа өңір басшысы 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Аян Бейсенбаевтың Нұрқожа Қайпановты жаттықтырып жүргеніне он жыл. Осы аралықта оның тәрбиеленушісі көптеген байрақты бәсекелерде топ жара білді. Азия чемпионы енді Токиода өтетін олимпиадаға жолдама жеңіп алуды және елге алтын медальмен оралуды мақсат тұтып отыр.







Жоғары қарай