Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ски-альпинизм Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді

2021 жылдың 20 шілде 2021 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің 138-сессиясында белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Олимпиада ойындарында ски-альпинизмнен бес медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер арасында екі, әйелдер арасында екі, аралас эстафетадан бір жүлде өз иесін табады. Жарысқа жалпы есебі 48 спортшы қатысады.

Ски-альпинизм алғаш рет 2020 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жанкүйерлерге таныстырылды.

Айта кетелік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай