Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«СҚ-Фармациядағы» жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасала бастады

2020 жылдың 9 шілде 2020 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 7 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді.

Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, «СҚ-Фармацияның» құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді s.ayaganova@anticorruption.gov.kz, s.aidarbekov@sk-pharmacy.kz электрондық мекенжайларына және 8-707-987-98-33 whatsapp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналында.

Ведомстводан мәлім еткендей, келіп түскен ақпараттар жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.


Жоғары қарай