Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«СК-Фармация» басшысы қанша жалақы алады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалақыма қатысты айтар болсам, ол 750 мың теңгеден басталады. Бірақ, менің жұмысқа кіріскеніме бір ай да болған жоқ. Таяуда кеңес барысында жалақының тиісті деңгейі бекітілуі тиіс. Ал әкімшілік шығындарға байланысты жұмыс тобын құрдық. Қазірдің өзінде есеп-қисабын аяқтап қалдық. Жалдау шығындарын 10 пайызға, жалға алынатын алаңдар көлемін 20 пайызға дейін қысқарту көзделеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегінше, жыл соңына дейін «СК-Фармация» шығындарын 200 млн теңгеге дейін төмендету жоспарланып отыр.

«Дегенмен, бұл соңғы цифр еместігін атап өткім келеді. Жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бізге шығындарды ұлғайтпай жедел қор құру, жеке нарық және гуманитарлық жүк сынды қосымша қызметтер жүктеліп отыр. Біз барынша тиімді жұмыс істеуге тырысамыз», - деді Ерхат Есқалиев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Медицина, Экономика,
Жоғары қарай