Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жариялады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді, онымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Тек еліміздің шығысында күн райы ашық болады. Еліміздің аумағында жел күшейеді», делінген хабарламада.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай