Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 10 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 21 қазан 2020 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с артады.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғып, күші 15-20 артады.


Жоғары қарай