Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 қаңтар күні Қазақстанның барлық қалаларында ауа сапасы тұрақты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Қазақстан қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілемейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.