Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2019 жылдың 13 қазан 2019 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі, 13 қазан күні еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Өскемен қаласында болжанады. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының орталығында метеожағдайдың нашарлауы соңғы бірнеше күннен бері тіркелуде.

Қазақстанның өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай