Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 20:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 28-29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 28 қаңтарда күндіз, 29 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с артады.

28-29 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

28 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с күшейеді.

28 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады.

28 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с жетуі ықтимал.


Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай