Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 13 тамыз 2020 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 14 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында найзағай болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласындасондай-ақ найзағай, 18 м/с екпінде жел күтіледі.


Жоғары қарай