Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде жекелеген аумақтарда -3 градус үсік болжанады.

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Түнде -2 градус үсік болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі.

26-27 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с артуы мүмкін. Сондай-ақ шаңды дауыл болжанады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

26-27 қыркүйекте тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 26 қыркүйекте күндіз, 27 қыркүйекте тәулік бойы екпіні 23-28 м/с артады.

26-27 қыркүйекте Шымкент қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай