Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

2021 жылдың 15 қазан 2021 21:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Қоғам,
Жоғары қарай