Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сингапур коронавирусқа байланысты шекараны толықтай жабады

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 18:35

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Сингапур соңғы 14 күнде ҚХР-ға келген шетелдіктерді қоса алғанда, құрлықтық Қытайдан келетін тұлғалар үшін шекараларды жабады, деп хабарлайды ҚазАқпарат South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Қозғалыс шектеуі сенбі күні, 1 ақпанда күшіне енеді. Сондай-ақ Сингапур виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл ережелер Қытайда болған Сингапур тұрғындары мен азаматтарына қолданылмайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, бұл елде жаңа коронавирус ауруын жұқтырғаны расталған 13 жағдай тіркелген.

Автор:

Руслан Сулейменов


Басты сөздер: Қытай, Коронавирус,
Жоғары қарай