Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СІМ басшысы шетелдік жұмыс күшіне квота бегілеудің жаңа тәртібін түсіндірді

2021 жылдың 10 маусым 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік жұмыс күшіне квота белгілеудің тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы мәімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адами капиталдың сапасын жақсарту шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі міндеті еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар даярлау болып табылады», - деген Премьер-Министрдің орынбасары шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру мақсатында 2020 жылы «Көші-қон туралы» Заңға өзгеріс енгізілгенін еске салды.

««Көші-қон туралы» Заңға шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметіне рұқсат алу рәсімдерін реттеу бойынша түзетулер енгізілді. Заңда екі және одан да көп өңірлердің аумағында әрекет ететін шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметіне рұқсаттар беру, сондай-ақ шетелдік жұмыс күші үшін квоталар белгілеу кезінде экономикалық қызмет түрлерін және санаттар бойынша бөлуді алып тастау көзделген. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметтен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді», - деді Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесінің отрысында.


Жоғары қарай