Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Си Цзиньпин: Қазақстан халқы Президент Тоқаевтың басшылығымен жарқын болашаққа жол ашады

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 16:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстандағы қаңтар трагедиясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды.

«Біздің бәріміз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі-түсті төңкерістердің қолтығына су бүркіп, «адам құқықтары» сылтауымен ішкі істерімізге араласу, халықтарымыздың тыныш өмірін бұзу талпыныстарына үзілді-кесілді қарсы тұрамыз. Жақында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкеп соқтырды», - деген Қытай басшысы өз елінің бұл істе Қазақстан билігінің шешімдерін қолдайтынын айтты.

«Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың сенімді басшылығымен Қазақстан халқы жарқын болашаққа жол ашатынына сенімдімін», - деді Си Цзиньпин.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Жоғары қарай