Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШЫҰ-ның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі орталығын тезірек құру қажет – ҚР Президенті

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 13:40

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат –Шанхай ынтымақтастық ұйымының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі орталығын тезірек құру қажет. Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі заманғы кезеңде өңірлік қауіпсіздік проблемасы барынша өзекті бола түсуде. Бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізілгендіге де қуантарлық. Оған айқын дәлел - бүгін біз бекітетінен ШЫҰ-ға мүше елдердің 2022-2024 жылдарға арналған терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл ынтымақтастығы бағдарламасы. Сонымен қатар біз терроризм мен экстремизмды қаржылай қамтамасыз етіп отырған есірткінің заңсыз айналымымен және есірткібизнесімен тиімді күресу үшін бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайынбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті ШЫҰ қарым-қатынасын рәсімдеу Ортаазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының бұл бағыттағы ақпарат алмасу мен өзара іс-қимылды жақсартатындығын баса айтты.

«Соңғы жылдары киберқауіпсіздік мәселесі де алдыңғы қатарға шығып отыр. ШЫҰ-ның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі орталығын тезірек құру маңызды қажеттіліктерге толыққанды жауап беріп, ұйымның ақпараттық кеңістігінің қорғалуын нығайтады. Экономикалық саладағы трансұлттық қылмыс та өткір проблема саналады. Меніңше, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттірк экономикалық тергеу органдары басшыларының кеңесу форматын іске қосу біздің ұжымдық күш-жігерімізді жаңа деңгейге көтереді», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай