Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШЫҰ мүше мемлекеттердің санитарлық отырысы Қазақстанда өтуі мүмкін

2020 жылдың 24 шілде 2020 15:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің санитарлық-эпидемиологиялық отырысы Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШЫҰ-ның 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес біз 2020 жылдың қазан айында Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің санитарлық-эпидемиологиялық отырысын Нұр-Сұлтанда өткізуге дайынбыз. Оған ШЫҰ-ға мүше мемекеттердің өкілдері мен ұйым жанындағы бақылаушыларды шақырамыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ШЫҰ мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысында.

Еске салсақ, видеоконференция арқылы байланыста Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтті.

Жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерін КВИ жағдайын жаңаша санау әдісі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын қолдауға шақырды.


Жоғары қарай