Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтіп жатыр

2020 жылдың 24 шілде 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Видеоконференция арқылы байланыста Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы Ресей Федерациясы Шанхай Ынтымақтастық ұйымында төрағалығын жалғастырады. Ресейлік тараптың төрағалығы аясында денсаулық сақтау саласында бірқатар шара жоспарланған болатын. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің соңғы отырысы 2015 жылы өткен еді. Соңғы бес жылда ұйымға мүше мемлекеттердің министрлерінің отырысы өткен емес», - деді жиында РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.

Оның айтуынша, ШЫҰ жаһандық және аймақтық проблемаларды шешу жолында тиімді алаң болып отыр.

«Бүгін біз індетпен күресте мемлекеттеріміздің басты жетістіктерін талқылауға және осы бағыттағы болашақтағы әрекеттерден күтетін тұжырым жасауға жиналдық. Бүгінгі талқыланған мәселелер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Санкт-Петербургтегі алдағы отырысының шешімдеріне негіз болады деп үміттенеміз», - деді министр.

Кездесу барысында тараптар отырыстың күн тәртібін бекітті.

Отырыста Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан денсаулық сақтау министрлері, сондай-ақ Пәкістан премьер-министрінің арнайы көмекшісі, ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің басшысы ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі қазіргі жағдай туралы баяндама жасайды.

Сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы, ДДСҰ өкілі, сондай-ақ ШЫҰ байқаушы мемлекеттердің делегация басшылары сөз сөйлейді.


Жоғары қарай