Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шыңжанда соңғы 5 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

2020 жылдың 16 шілде 2020 22:40

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында бір адам коронавирус жұқтырды, тағы үш адамнан індеттің симптомсыз түрі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратттың меншікті тілшісі.

Науқас - автономиялық ауданның астанасы Үрімші қаласының Тянь-Шан ауданында тұратын 24 жастағы әйел. Ол 10 шілдеде коронавирус инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған.

Сәрсенбіде оның COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Шыңжанда соңғы 145 күн бойы бір де бір адам коронавирус жұқтырмаған.

Еске сала кетейік, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында COVID-19 инфекциясына шалдыққан алғашқы сырқат 23 қаңтарда тіркелген.

Жалпы, аймақта 76 адамнан індет табылған.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Коронавирус, Қытай,
Жоғары қарай