Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шыңжанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

2020 жылдың 25 шілде 2020 11:53

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырғандар саны 115-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте өлкеде Шыңжан өндірістік-құрылыс корпусын қосқанда (ШӨҚК) 20 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. Жалпы 2020 жылдың 24 шілдесі 24.00-дегі мәлімет бойынша, Шыңжанда 115 инфекцияға шалдығу оқиғасы (оның 113-і - Үрімжіде, біреуі - Қашқарда және тағы бірі - ШӨҚК-де), сонымен қатар 114 симптомсыз вирус тасылмалдаушылар анықталған (барлығы Үрімжіде). 7 мыңнан аса адам медицина қызметкерлерінің бақылауында» делінген комитеттің ақпарат бюллетенінде.

Бұған дейін Үрімжі қаласының екі ауданы эпидемиялогиялық қауіп дәрежесі жоғары елдімекендер деп жарияланған.

Еске сала кетсек, Шыңжанда COVID-19 вирусы тарай бастаған сәттен кейін 149 күн бойы коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді.

Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданындағы ең алғашқы инфекцияға шалдығу оқиғасы 23 қаңтар күні анықталған.


Басты сөздер: Қытай, Коронавирус,
Жоғары қарай