Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Шыңырау» анимациялық фильмі Бразилиядағы фестивальде үздік деп танылды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Balapan телеарнасының «Шыңырау» анимациялық фильмі Бразилиядағы халықаралық фестивальде «Үздік саундтрек» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы телеарнаның директоры Мақпал Жұмабай Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бразилиядағы Баиа Халықаралық анимациялық фестивалінде (FESTIVAL INTERNACIONAL DE ANIMAÇÃO DA BAHIA) Balapan телеарнасының «Шыңырау» анимациялық фильмі «Үздік саундтрек» номинациясында жеңімпаз атанды!

«Шыңырау» – «Қоңыр қаз» анимациялық жобасының 2Д қысқаметражды фильмдерінің бірі. Онда біз анимация көмегімен классикалық музыкалық шығарманың сюжетін, сондай-ақ, Ықылас Дүкенұлының күйіндегі мифологиялық және фольклорлық сарындарды бейнелеуге тырыстық. Қобыздың қайталанбас үні арқылы қазақ халқының бай мәдениетін көрсетуге тырыстық», - дейді Мақпал Жұмабай.

Туындыны Balapan телеарнасының ұжымы, сценаристер Зира Наурзбаева мен Тамара Мұқанова, қобызшы Акнар Шарипбаева, режиссер Дильшат Рахматуллин, Dala Animation командасы бірлесіп жасаған.

«FIAB @fiab_festival фестивалінің ұйымдастырушыларына, көрермендеріне және қазылар алқасына біздің фильмді сезініп, бағалағандары үшін рахмет айтқымыз келеді», - деп жазды Balapan арнасының директоры.





Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: БАҚ, Мәдениет,
Жоғары қарай