Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттің ауруханасына ес-түзсіз түскен адам есін жимастан қайтыс болды

2017 жылдың 21 қараша 2017 17:32

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің ауруханасына ес-түзсіз түскен адам есін жимаған күйі қайтыс болды. Бір апта бұрын қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жатқызылған науқасты ешбір адам іздеп келмепті. Бұл туралы емдеу мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Сәрсен Пернебеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәрсен Пернебековтың сөзінше, 45 жас шамасындағы ер азамат Мәртөбе елді мекенінен жеткізілген. Ес-түзсіз жатқан адамды көріп, адамдар жедел жәрдем шақыртыпты. Оның ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған. Диагнозы - миына қан құйылуы нәтижесінде инсульт алған деген қорытынды жасалған. Жасанды тыныс алу апараттына қосылып, сонымен дем алыпты. Дәрігерлер сондай-ақ марқұмның денесінде суреттер болғанын, соған қарап оның бұған дейін жазасын өтеу мекемесінде болуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ сол бір аптаның ішінде оны іздеп келген тірі жан болмапты.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай