Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шымкенттік судьялар кәсіпкерлермен кездесті

2019 жылдың 19 желтоқсан 2019 19:44

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында судьялар мен іскер азаматтар кездесті. Басқосуда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы түсіндіріліп, салық дауларын азайту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттары сөз болып, әртүрлі даулар бойынша сот жүктемесін азайту мәселесі қамтылды. Басқосуда қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов пен өзге судьялары баяндама жасады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы М.Сейтжанов пен палатаның кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы М.Сарыбаева сөз сөйледі. Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер де өз ойларын ортаға салды.

«Жолдаудың негізі – қоғаммен сындарлы диалог орнату, азаматтардың сенімінін арттыру, сот шешімдерінің сапасын көтеру, жария-құқықтық даулар бойынша әкімшілік әділет құрылымын енгізу, сот жүктемесін оңтайландыру, медиация институтын дамыту және кәсіпкерлер мен азаматтардың құқығын қорғаудың тиімділігін арттыру», - деді қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов.

Судьялар Г.Жолбарыс пен Н.Рахынбаев сотқа бір-біріне ұқсас талап арыздар көптеп түсіп жатқанына назар аударды. Олардың көпшілігінде бір-біріне ұқсас кемшіліктер қайталап орын алудың себеп-салдарынан сот жүктемесі көбеюде. Іс-шара барысында салықтық даулардың артуының себебі талқыланды. Атап айтқанда мемлекеттік органдардың дәделдерді толықтай жинамауы мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың хабарламары туралы білмеуі және орындалмауы, сенімсіз әлеуетті өнім берушілер мен мәмілелерге тұрғандығы туралы хабардар болмай шықты.

Ал, кәсіпкерлер өз кезегінде, сотқа әртүрлі себептермен жүгінуге мәжбүр болатынын жеткізді. Кездесу соңында осындай себептерді жою жөнінде ұсыныстар айтылып, кемшіліктердің алдын алу және сот жүктемесін оңтайландыру бойынша кеңес берілді.

Жоғары қарай