Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 18:33

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлердің Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарасы цирк ғимаратында өтті. Мерекелік жиынға полиция департаменті жеке құрамының қызметкерлері мен олардың отбасы, полиция ардагерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шарада қалалық полиция департаментінің бастығы Е.М.Жумаханбетов сөз сөйлеп, жеке құрамды еліміз үшін атаулы мереке саналатын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мереке қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түскен тәртіп сақшыларын марапаттады.

Өз жұмысында үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін 70-ке жуық ішкі істер органдары қызметкері марапатталса, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 11 қызметкерге Алғыс хат тапсырды.




Сондай-ақ, департамент бастығының бұйрығымен 58 қызметкер марапатталды. Салтанатты шара аясында департамент бастығы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға көрсеткен көмегі үшін суретші Нұрсейіт Ибрагимовқа мақтау қағаз табыстады. Ал, №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаеваны тәрбиеленушілерге деген шексіз қамқорлығы мен олардың шығармашылық дамуына жақсы жағдай жасағаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік басқосу балалар үйінің өнерлі тәрбиеленушілері ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Көпшілік қауым полиция қызметкерлерінің және цирк әртістерінің өнерін тамашалады.




Жоғары қарай