Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкенттік парақор 120 мың теңге алғаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді

2019 жылдың 31 шілде 2019 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің мәліметінше, аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарып келген И. С. Нақыпбековке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

«Ол үй жануарларына ветеринарлық сертификат бергені үшін 120 мың теңге көлемінде пара алған болатын. 30 шілде күні Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол сома сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде өтелуі тиіс. Төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», - делінген департаменттің мәліметінде.

Жоғары қарай