Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттегі Мәртөбе тарихи кешенінде келешек ұрпаққа жолдау-капсула қаланды

2020 жылдың 2 қазан 2020 16:02

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкент қаласындағы Мәртөбе тарихи кешенінде келешек ұрпаққа жолдау жазылған капсула қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар әкімдігінен мәлім еткендей, келешек ұрпаққа өз жолдауын сот қызметкерлері қалдырып отыр. Онда 14-15-ғасырлардан бастау алған қазақ елінің заңнама тарихы мен егеменді еліміздің бүгінгі Заң үстемдігі баяндалған. «Мәртөбе - елдігіміздің мәртебесін, бірлігіміздің берекесін айшықтаған жер. Бұл аумақта әйгілі Дала парламентінің келелі жиындары өтіп, «Жеті жарғыға» сүйене отырып тарихта ізі қалған маңызды шешімдер қабылданған. Қазақ тарихы қашанда бірігу тарихы болғанын білеміз. Ішкі бірлігімізді бекемдеген, елдігіміздің еңсесін көтерген мұндай қасиетті орындар ел жадында мәңгі сақталмақ» - деді шара барысында Шымкент әкімі М.Әйтенов.





Айта кетейік, Мәртөбе кешені Қаратау ауданының Сайрам тұрғын алабы мен Қарамұрт ауылының аралығында орналасқан. Бұл - ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы қалашықтың орны. 20х30м өлшемді цитадель. Биіктігі - 6-7 м, төбесі - тегіс.





Мұнда ХҮІІ ғасырда билік басына келген Есім ханнан бастап, ХҮІІІ ғасырдағы Тәуке хан тұсына дейін алты алаштың баласы бас қосып, билер кеңес құрған. «Есім ханның ескі жолы» және «Жеті жарғы» да осы маңда талқыға түсіп, жарияланған. «Жеті жарғыны» қабылдар сәтте қазақтың атақты би-шешендерінен 12 би, олардың қатарында Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерден өзге Жайма, Сасық, Көкім билер да қатысқан. Мәртөбенің Ұлы дала парламенті аталуы осыдан.



Жоғары қарай