Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкенттегі кәсіпорын 88 өкпені жасанды желдету аппаратын шығарды

2020 жылдың 29 қараша 2020 06:33

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 88 өкпені жасанды желдету аппараты өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын кәсіпорын күніне 20-25 аппарат шығаруға мүмкіндігі бар. Бүгінге дейін 88 ӨЖЖ аппаратын шығарған отандық компания өнімнің бағасы қолжетімді, әрі тәулік бойы сервистік қызмет көрсетеді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позиловтың айтуынша, бүгінде мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Қалада соңғы күндері оқушылар арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқас тіркелмеген. Сонымен қатар, қалада емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталған.

«Осы кезеңде қалада медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 19 мыңнан аса адам пайдаланды. Оның ішінде 14 – мемлекеттік емхана, қалғаны – жекеменшік емханалар», - Бақытжан Позилов.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент,
Жоғары қарай