Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Шымкентте жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

2020 жылдың 9 сәуір 2020 03:00

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жанар-жағармай бекеттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетіне бетперде киген екеу бекетке баса көктеп кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға түнде болған. Белгісіз екі адам бекеттегі операторды пышақпен қорқытып, оны орындыққа байлап тастаған. Сонан соң кассадағы 90 мың теңгені алып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Жедел іздестіру шараларын жүргізген Абай аудандық ПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген.

«Күдіктілерден айғақты зат ретінде пышақ тәркіленді. Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы «Қарақшылық» бойынша іс қосғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің Еңбекші ауданы аумағындағы да қарақшылық қылмыстарына қатыстылығы анықталып отыр». делінген хабарламада.


Жоғары қарай