Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

2020 жылдың 20 сәуір 2020 14:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Елімізде төтенше жағдай кезінде өңірлерде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендету туралы тапсырма берілген болатын. Осыған қарай шым қалада тарифтер төмендеп, су мен жылудың ақысы арзандаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бірқатар коммуналдық қызмет бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылданған.

«Сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін немесе 5%-ға; су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға; «Қуатжылуорталық-3» МКК ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін немесе 10%-ға; есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін немесе 10%-ға; «Тасқұдық Бак» ЖШС тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден 67,44 теңгеге дейін немесе 5%-ға; «ЖеңісТ» ЖШС тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін немесе 5%-ға; «Сайрам су» ЖШС сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін немесе 5% -ға төмендетілді», делінген хабарламада.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Энергетика,
Жоғары қарай