Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шымкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар форумы басталды

2019 жылдың 24 қазан 2019 23:48

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар форумы өтуде. Бұл басқосу коммуникативті пікірсайыс алаңын құру мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жас көшбасшылары арасындағы мәдениаралық диалогты қалыптастыру және жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Бізбен бірге» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан басқосуда ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұлттық жастар ұйымдары мен қауымдастықтарының тиімді ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жастар үшін ашық жұмыс алаңын ұйымдастыру мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің жас көшбасшыларымен қарым-қатынасы үшін жағдай жасау жайы қамтылды.

Туризм, еріктілік, көшбасшылық, қоғамдық және саяси өмірдегі түрлі саладағы жастардың құзыреттіліктерін беру үшін үздік сарапшыларды тарту мәселелері сөз болды.

ТМД қатысушы мемлекеттердің Жастар форумы сонымен қатар инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ, креативті жас ұрпақты әлеуетін дамытуға бағытталған бірегей алаңға айналды.

Форумға қатысушылар өз тәжірибелерін бөлісу мақсатында түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, тәжірибе алмасуда. Атап айтар болсақ, «Волонтерлік – өмір салты ретінде», «Бизнес блогинг», «Әлеуметтік шындық», «Шығармашылық шеберхана» атты 4 секция бойынша пікірсайыстар өткізілуде. Еліміздегі Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шара екі күнге, яғни 24-25 қазан аралығында жалғасады деп жоспарланған.

Жоғары қарай